Жаңалықтар

Қазақстан Донбассқа әскер жібере ме? - министр жауап берді

ашық дереккөзі

Қазақстан Донбассқа әскер жібере ме? - министр жауап берді

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның ДХР мен ЛХР-ды мойындауға қатысты ұстанымын айтты деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. «Өздеріңіз білесіздер, кеше Ресей Президенті Донецк пен Луганс Халық Республикаларын растау (мойындау, - авт.) жөнінде шешім қабылдады. Сондықтан қазіргі жағдай күрделі, шиеленісіп бара жатыр. Ал Қазақстанның ресми ұстанымы қазір талқыланып жатыр», - деді министр. Оның айтуынша, қазір алда ЛХР мен ДХР-ды тану туралы мәселе тұрған жоқ. «Біріншіден, біз халықаралық құқық негізінде және БҰҰ-ның ұстанымын ұстанамыз», - деді Мұхтар Тілеуберді. Ол тілшілердің «Бейтараптықты сақтайсыздар ғой?» деген сұрағына «Әрине» деп жауап берген. Сондай-ақ Мұхтар Тілеуберді журналистердің «Путин өтініш білдірсе, Қазақстан ҰҚШҰ-мен Донбассқа өз әскерін жібере ме?» деген сұрағына жауап берді. «Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бар. Қазақстан - оған мүше мемлекет. Бірақ бұл ұйымнан ол жаққа әскер жіберуге құқығы жоқ», - деді ол. Еске сала кетсек, бұған дейін Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс үлкен отырысынан кейін Ресей Президенті Владимир Путин ел азаматтарына үндеу жасап, Луганск Халық Республикасы мен Донецк Халық Республикасының егемендігін дереу тану туралы шешім қабылдау қажет деп санайтынын мәлімдеді. Үндеуден кейін Путин бірден Кремльде ЛХР мен ДХР-ды тану туралы Жарлықтарға қол қойған болатын.