«Бүркітбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере алмады» – Смайылов

«Бүркітбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере алмады» – Смайылов

«Бүркітбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере алмады» – Смайылов
ашық дереккөзі
Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаевқа ескерту жасады деп жазды turkystan.kz. Бұл ретте Үкімет басшысы өткен аптада Денсаулық сақтау вице-министрінің қатысуымен брифинг өткенін еске салды.
«Жандос Бүркітбаев журналистердің сұрақтарына нақты жауап бере алмады. Осыған назар аударуыңызды сұраймын. Бұл Үкіметтің жұмысына теріс әсер етеді. Біз қоғам үшін ашық болуымыз керек. Үкіметтің басты міндеті – әрбір қабылданған шешімді жұртшылыққа жеткізіп, халықтың пікірін ескеру», - деді Үкімет басшысы.
Осыған байланысты Әлихан Смайылов Министрлер кабинетінің мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырды.