Жамбыл облысында ауыл тұрғыны 500 келілік бомбаны тауып алды

Жамбыл облысында ауыл тұрғыны 500 келілік бомбаны тауып алды

Жамбыл облысында ауыл тұрғыны 500 келілік бомбаны тауып алды
ашық дереккөзі
Байзақов ауданының тұрғыны полиция бөліміне хабарласып, құмнан күдікті зат тауып алғанын айтқан деп жазды turkystan.kz Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан авиациялық снарядқа ұқсас зат тапқан. Содан кейін оқиға орнына Полиция департаментінің саперлері, Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары шақырылған.
«Оқиға орнына келген саперлер снарядты зерттеп, оның 1962 жылы шығарылған «ФАБ 500м-62» авиациялық бомбасы екенін айтты. Оның салмағы – 500 келі, ұзындығы - 2,5 метр. Ол кез келген минутта 200 метрге дейін жарыла алады. Залалсыздандыру үшін бомба арнайы әскери техникаға тиеліп, полигонға жеткізілді», - дейді Полиция департаменті.
Полицияға қауіпті бомба туралы хабарлаған ер адамды марапаттау туралы ұсыныс жасалды.