Екібастұзда табылған «маугли» балалар үшін бірқатар шенді жұмыстан қуылды

Екібастұзда табылған «маугли» балалар үшін бірқатар шенді жұмыстан қуылды

Екібастұзда табылған «маугли» балалар үшін бірқатар шенді жұмыстан қуылды
ашық дереккөзі
Екібастұзда табылған «маугли» балалардың жағдайына байланысты тексеру нәтижелері шықты деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Жұмысына салғырт қараған қаланың жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Сәбит Көжелдақов пен білім бөлімінің басшысы Сәкен Майдисаров қызметінен босатылды. Ал қала әкімінің орынбасары Мәриям Маликоваға сөгіс берілді. Бұған дейін облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұз бен Ақсу қалаларының әкімдеріне де сөгіс жариялаған болатын. Мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін полиция қызметіне, денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ай сайын тұрмысы төмен отбасыларға тексеру жүргізіп тұру туралы тапсырма берілді.

Тағы оқи отырыңыз: Екібастұзда 4 бала 3 күн бойы аш-жалаңаш отырған (ВИДЕО)

Екібастұздық «мауглилердің» 1 жасар бөлесі де аш халде табылды