Сотталғандармен бір дастарханда отырған полицейлердің фотосы жарияланды (ВИДЕО)

Сотталғандармен бір дастарханда отырған полицейлердің фотосы жарияланды (ВИДЕО)

Сотталғандармен бір дастарханда отырған полицейлердің фотосы жарияланды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде түрме ішінде жайылған мол дастархан басында сотталғандармен бірге тамақтанып отырған полицейлердің фотолары жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Фото және бейнежазбалардан түрме қызметкерлерінің сотталғандармен етене жақын байланыста екені байқалады. Балқаш түрмесінде түсірілген фотоларды Руслан Лазута есімді құқыққорғаушы бүгін жариялады. ол
«Қазақстан Ішкі істер министрлігінің бүкіл жүйесін сипаттайтын тамаша фотосурет. Балқаш түрмесіндегі сотталғандар полиция жолдастарымен бірге камера ішінде жайылған мол дастарханда бірге отырады. Ал сіздер колониялар мен түрмелерде телефондар, есірткілер, ішімдіктер, жезөкшелер қайдан пайда бола кетеді, қаладағы ұрлық пен тонау оқиғалары неге анықталмай жатыр деп сұрай бересіздер. Мұның бәрі ақшаның көмегімен оңай шешіледі. Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің бастығы қандай болса, оған бағынышты мекемелердегі жеке құрам да сондай...» деп жазды Руслан Лазута.
Фото-видеоға қатысты әзірге жауапты орган өкілдері пікір білдірген жоқ. Тағы оқи отырыңыз: Анасын 28 жыл іздеген қазақстандық оны түрмеден тапты