«Тұрып босандым. Бала еденге құлап түсті»: перзентханада нәресте мерт болды

«Тұрып босандым. Бала еденге құлап түсті»: перзентханада нәресте мерт болды

«Тұрып босандым. Бала еденге құлап түсті»: перзентханада нәресте мерт болды
ашық дереккөзі

Өткен демалыста Теміртау қаласының көпбейінді ана мен бала орталығында нәресте мерт болды деп хабарлады turkystan.kz  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Босанған әйелдің айтуынша, медициналық көмек уақтылы көрсетілмегендіктен, ол тұрып босанған, содан нәресте еденге құлаған. Әйел қызының өліміне медицина қызметкерлерінің кінәлі екенін дәлелдегісі келеді. 33 жастағы Айжан Шахманова көпбейінді аналар мен балалар орталығына 19 ақпанда түскен. Әйел жүктілігінің 40-аптасында болған. Бұл Айжанның үшінші нәрестесі. Оның үлкен балалары 12 және 11 жаста.

«Сәбиімізді асыға күттік, оны Айша деп атағымыз келді. Мен ауруханаға шамамен 23.30-да түстім. Қабылдау кезінде бәрі жақсы болды, жүрек соғысы қалыпты, толғақ орташа, әр бес минут сайын. Маған таңға жақын босанатынымды айтты. Шамамен 01:50-де толғақ жиілей түсті. Қайтадан ұрыққа кардиотокография жасады, сәбидің жүрек соғысын тыңдады, орындықта тексерді. Сол кезде босанатынымды айтып айғайлаған едім. Бірақ олар тексеруден өтіп жатқан басқа әйелдермен бірге босану залына апаратынын айтты. Мен толғақ басталды деп айғайладым, бірақ мені тыңдаған адам жоқ, елемеді», - деді Айжан.

Полицейлер келіншегін перзентханаға апара жатқан студентті де ұстап әкеткен