Қостанайлық журналист Неке сарайын мешітке айналдыруды ұсынды

Қостанайлық журналист Неке сарайын мешітке айналдыруды ұсынды

Қостанайлық журналист Неке сарайын мешітке айналдыруды ұсынды
ашық дереккөзі
«Құрмет» орденінің иегері, «Астана» телеарнасының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі Заңғар Санай Қостанай қаласында орналасқан Неке сарайын мешітке айналдыру жөнінде ой тастады деп жазды turkystan.kz.
«Қостанайдағы неке қию сарайы 2014 жылы ашылған. Салтанат сарайын салуға қазынадан 370 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды. 4 жыл бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Енді тағы жөндеу керек деп жатыр. Ғимарат «Тобыл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының балансында» деп жазды журналист.
Оның айтуынша, КСК шағынауданында орналасқан бұл ғимараттың күтіміне бюджеттен жиі ақша бөлінеді.
«Осы нысанды мешітке айналдыра салса ғой, шіркін. 4 жыл сайын бюджеттің бүйірі тесілмес еді...», - деді ол.
Тілшінің бұл ойын көпшілік құптайтынын білдірген. Жазбаға пікір білдіргендердің арасында Салтанат сарайын мешітке айналдыруға қарсылық танытқандар да бар. «Мешіттен басқа идея жок па?! Бәрінің миына мешіттен баска ештеңе кірмейді екен. Қостанайда мешіт жоқ сияқты. Оның орнына балалардың спортпен шұғылданатын орны, болмаса бассейнге айналдыруға болмай ма? Немесе балабақшаға ауыстыруға болады. ...Мешіттен басқа айтарларың жоқ» деп сынады әлеуметтік желі қолданушыларының бірі. Ал Заңғар Санай ғимараттың бассейн немесе спорттық үйірмелерге тар екенін айтып, жауап берді. Оқи отырыңыз: «2025 жылы Қостанай қаласына астана мәртебесі беріледі» – фейк