Жаңалықтар

Алматыда ер адам зейнеткерлердің құлағынан сырғасын жұлып алған (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Алматыда ер адам зейнеткерлердің құлағынан сырғасын жұлып алған (ВИДЕО)

Алматыда зейнеткерлерді тонаған ер адам ұсталды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 37 жастағы қарақшы куәгерлерге қарамастан, зейнеткерлерге шабуыл жасаған. Оның іс-әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. «Қаскөй өзіне қарсы тұра алмайтын, 60 жастан асқан әйелдерді ғана тонаған. Күдікті қамауға алынды. Ол - 37 жастағы Б. есімді азамат. Еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болған ер адам әжелердің сырғасын ломбардқа тапсырып, одан түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын айтты. Дерек бойынша көп эпизодты қылмыстық іс қозғалып жатыр», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов. Портал мәліметіне сүйенсек, Түркістан облысының тумасы Алматыға жұмыс істеуге келген екен. Қалада жалдамалы пәтерлерде тұрған. Ол бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған, ал тергеушілер оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.