ІІМ Асқар Мамин мен Самат Әбішке қатысты мәлімдеме жасады

ІІМ Асқар Мамин мен Самат Әбішке қатысты мәлімдеме жасады

ІІМ Асқар Мамин мен Самат Әбішке қатысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Orda.kz сайтының тілшілері қаңтар оқиғасынан кейін құқық қорғау органдарына бұрынғы басшылардың тарапына іс жүргізіліп, не жүргізілмей жатқандығын анықтау мақсатында хат жолдаған деп жазды turkystan.kz. Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбішке, экс-премьер-министр Асқар Маминге және Павлодар облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке қатысты іс жүргізіліп жатпағаны туралы мәлімдеді.
«Ішкі істер органдарында сіздер сұраған азаматтарға қатысты ешқандай іс жүргізіліп жатқан жоқ», - деп жазылған ІІМ ресми жауабында.
Айта кетсек, ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да лауазымды тұлғаларды тергеу жұмыстарын комитеттің өзі жүргізіп жатыр. Олар мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алуға талпынды деген күдікке ілінген.