АҚШ-та бірнеше оқ тиген Қазақстан азаматшасы қаза тапты

АҚШ-та бірнеше оқ тиген Қазақстан азаматшасы қаза тапты

АҚШ-та бірнеше оқ тиген Қазақстан азаматшасы қаза тапты
ашық дереккөзі
Оқ жарақатынан мерт болғандар туралы ақпарат тарататын www.gunmemorial.com сайтында көлігінде өлі табылған адамның 34 жастағы Юлия Ли екендігі жазылған. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады деп хабарлады turkystan.kz.
«16 ақпанда Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан Республикасының азаматшасы белгісіз жағдайда көз жұмды. Жергілікті полиция берген ақпаратқа сәйкес, отандасымыздың өлімі оқ жарақатынан болған. ҚР консулы марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста», - деді министрлік өкілдері.
Ведомство мәліметінше, полиция осы оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікті қамауға алынған. Ал Twincities сайтының мәліметтеріне қарағанда, Юлия Ли өліміне қатысты ешкім қамауға алынбаған. Дегенмен тергеушілер осы оқиғаға қатысты ақпарат білетіндерге хабарласуын өтініп отыр.