Жаңалықтар

Мәжілісмендер ШҚО-да сайлауалды бағдарламасының орындалуын талқылады

ашық дереккөзі

Мәжілісмендер ШҚО-да сайлауалды бағдарламасының орындалуын талқылады

Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері З.А. Камасова, И.И. Панченко, А.М. Рахимжанов Шығыс Қазақстан облыстық және Өскемен қалалық мәслихаттары депутаттарымен кездесті. Жиында Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы талқыланды. Шығыс Қазақстан облысында «Nur Otan»партиясының облыстық, 4 қалалық және 15 аудандық сайлауалды бағдарламаларының жүйелі мониторингі ұйымдастырылды. Жалпы, 2021 жылғы өңірлік сайлауалды бағдарламалардың орындалуына жүргізілген талдау бойынша, 2021 жылға жоспарланған 1055 іс-шараның 1016-сы (96%) орындалды, 79 іс-шара, яғни 7% орындалу сатысында. Жиынға қатысқан Шығыс Қазақстан облыстық және Өскемен қалалық мәслихаттарының депутаттары өзге де өңірдегі өзекті мәселелерді көтеріп, кейбір мәселелерге Мәжілістегі әріптестерінің араласуын сұрады. Депутаттар сайлауалды бағдарламаның кейбір бағыттары бойынша жүзеге асырылмаған іс-шаралардың бар екендігін де атап өтті. «2021 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасының «Экономикалық өсу» бағыты бойынша экспортқа бағдарланған дақылдар (соя, дәндік жүгері, рапс) егістерін ұлғайту, сондай-ақ «Өскемен және Семей қалаларында санитариялық полигондар мен қоқыс өңдеу кешендерін салу бойынша екі тармақ орындалмаса, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық желілері бағыты бойынша 10 қала мен 7 ауданда су бұру желілерін 75,3 шақырымға реконструкциялау бойынша бір тармақ жүзеге асырылмаған. Партияның сайлауалды бағдарламаларында көрсетілген нақты тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы жүзеге асырылуын біз депутаттар бақылауда ұстауымыз қажет. Себебі сайлаушылар алдында біз уәде бердік. Әрбір тапсырма қағаз жүзінде емес, іс жүзінде атқарылуы қажет», - деді Зарина Айдарханқызы.

Тәттімбек АСХАНҰЛЫ, «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалының баспасөз хатшысы