Бір жылда екі Олимпиадаға қатысқан нәзік жандар

Бір жылда екі Олимпиадаға қатысқан нәзік жандар

Бір жылда екі Олимпиадаға қатысқан нәзік жандар
ашық дереккөзі
Былтырдан бері жер жүзі бойынша 4 спортшы жазғы және қысқы Олимпиадаларға қатысқан деп хабарлады turkystan.kz Сол төртеудің бірі - Германия елінің спортшысы Александра Бурхгарт Жапонияның Токио қаласында өткен Олимпиада ойындарында жеңіл атлетика жарысына қатысты. Ол 100 метрге жүгіруде жартылай финалға шықса, 4х100 эстафетасында мәреге бесінші болып келді. Ал қысқы Олимпиадада ол бобслейден бағын сынап көрді. Екінші спортшы Натан Крамптон (америкалық Самоа) да Күншығыс елінде жеңіл атлетикада күш сынасса, Қытай Олимпиадасында скелетон сайысына қатысты. Жапон Аюми Хирано былтыр скейтбород жарысына, биыл сноубордтан өз елінің намысын қорғауға тырысты. Бразилиялық Жаклин Моурао да жазғы ойындарда велоспорттан өнер көрсетсе, қысқы додада шаңғы жарысында жүлдеге таласты. Бірақ олардың бәрі өз елдеріне медальсыз қайтты. Бір жылда екі Олимпиадаға қатысқан спортшылардың бәрі - әйел.