Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайына шабуыл жасағандар ұсталды

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайына шабуыл жасағандар ұсталды

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайына шабуыл жасағандар ұсталды
ашық дереккөзі
ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Алматы халықаралық әуежайын басып алуға қатысқандардың ұсталғанын хабарлады деп жазды turkystan.kz.
«Жедел іс-шаралар барысында Алматының «Шаңырақ-2» шағынауданында екі адам ұсталды. Олардан тапаншалар мен автоматтар, 5 мың патроны бар мырыш жәшіктері, қалқандар мен тізе төсегіштер түріндегі арнайы құралдар, екі танкке қарсы жауынгерлік снаряд, тегіс ұңғылы мылтық, 7 пневматикалық мылтық пен тапанша алынды», - деді Санжар Әділов.
Департамент бастығы жаппай тәртіпсіздік кезінде жеңіл автокөліктегі күдіктілер тобы «Оружейник» аңшылық дүкенін тонап, 15 тегіс ұңғылы мылтық пен 4 ойық, оның ішінде оптикалық көздеуі бар карабинді ұрлап кеткенін айтты. Ұрланған қару одан әрі өткізу мақсатында Алматы мен Алматы облысында арнайы жабдықталған схрондарда заңсыз сақталған. Тергеу барысында аталған адамдардың Алматы халықаралық әуежайын басып алуға және погромдарға қатысқаны анықталды. Еске сала кетсек, қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін әуежай бір апта бойы жұмыс істемеген болатын. Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, күдіктілер жалға алушылардың бутиктерін қиратып, әйнектер мен бейнекамераларды сындырған.