«Алдағы уақытта тағы бір пандемия болады» – Б.Гейтс

«Алдағы уақытта тағы бір пандемия болады» – Б.Гейтс

«Алдағы уақытта тағы бір пандемия болады» – Б.Гейтс
ашық дереккөзі
Microsoft компаниясының негізін салушы Билл Гейтс COVID-19-дың қаупі айтарлықтай сейілгенмен, алдағы уақытта тағы бір пандемия болуы мүмкін екенін мәлімдеді деп жазды turkystan.kz. Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында баяндама жасаған атақты миллиардер әрі филантроп Билл Гейтс әлем бойынша вакцинация шараларының жүргізілуіне байланысты коронавирустың қаупі біртіндеп сейіліп бара жатқанын айтты. Алайда ол алда тағы бір пандемия болуы мүмкін екенін ескертті.
«Жаппай вакцинацияландырудың арқасында коронавирустық инфекцияның салдарынан кәрілік, семіздік немесе диабеттен зардап шегетін жандарда қауіпті аурудың пайда болу мүмкіндігі барынша азайды. Дегенмен бұнымен тоқтап қалуға болмайды. Себебі алдағы уақытта тағы бір пандемия болады. Жаңа пандемия коронавирустар тобынан өзгеше патогенмен байланысты болуы мүмкін», - деді ол конференция барысында.
Билл Гейтстің айтуынша, бұл бағытқа инвестиция көптеп құйылған жағдайда медициналық технологиялар саласындағы соңғы жетістіктер жаңа пандемияны жеңуге көмектеседі. Айта кетсек, бұған дейін Билл Гейтс әлемді климаттық апаттан құтқарудың жолын атаған болатын. Ол бұл үшін бизнестің бағытын өзгертуді ұсынды.