А.Мұхамедиұлы: Кішкентай күдік болса, Президент мойнымды жұлып алар еді

         ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Азаттық радиосына сұхбат беріп, өзіне қатысты даулы мәселелер жөніндегі сауалдарға жауап берді. Сұхбат барысында министр студент қыздың мәлімдемесі және ҚР Халық артисі Т.Жаманқұловпен арадағы кикілжіңді Үкімет пен Президент әкімшілігі қалай қабылдағанын айтты.

Назарларыңызға сол сұхбаттың үзіндісін ұсынып отырмыз.

– Қызметтестеріңіз бен басшылығыңыз бұл оқиғаны қалай қабылдады? Астанадағы жоғарғы билік – Ақорда қалай қабылдады?

– Ол кісілер толығымен зерттеді. Екеумізден көп зерттеді.

– Қандай орган зерттеді? Президент әкімшілігі ме?

 – Біз үкіметтің мүшесі болғандықтан ұлттық қауіпсіздік комитеті, ұлттық бюро, ішкі қауіпсіздік қызметі – бәрі тексерді. Олар міндетті түрде тексеру керек. Министрге айып болып жатқан соң ол кісілер міндетті түрде тексереді.

– Тексерген соң не болды?

– Тексерді де «мына айыптаулардың барлығы – еш негізсіз» деп көрсетті.

 – Ал тікелей басшыңыз – премьер-министрмен, Президент әкімшілігімен кездесу болды ма осы мәселеге байланысты?

– Иә. Барлығы айтып жатыр «шындық үшін аяғына дейін күресу керек» деп.

– Яғни сізді қолдап отыр ма бұл тұрғыда?

 – Әрине. Бір кішкентай күдік болса, ол кісілердің өзі айтар еді «Мынауың не? Не масқаралап жатырсың?» деп. Елбасының өзі, былайша айтқанда, мойнымды жұлып алар еді «Мынауың не?» деп.

– Президентпен осы туралы әңгіме болды ма?

– Жоқ.

Back to top button