Елімізде күнбағыс майы соңғы 1,3 жылда 7 есеге қымбаттаған

Елімізде күнбағыс майы соңғы 1,3 жылда 7 есеге қымбаттаған

Елімізде күнбағыс майы соңғы 1,3 жылда 7 есеге қымбаттаған
ашық дереккөзі
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ел аумағында күнбағыс майын өндіру және көтерме сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді. Нәтижесінде сұйық майдың аз уақыттың ішінде еселеп қымбаттағаны анықталды деп жазды turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап. Талдау жүргізу барысында республиканың 6 өңірінде орналасқан 8 негізгі ірі зауыттың («Май» АҚ, «Өскемен май зауыты» ЖШС, «Востоксельхозпродукт» ЖШС, «Промбаза-7» ЖШС, «Белес Агро» ЖШС, «Шымкент Май» ЖШС, «Арай» ЖШС, «Евразиян Фудс корпорэйшн» ЖШС) күнбағыс майын өндіруді жүзеге асыратыны анықталды. Ал өңірлерде күнбағыс майын көтерме сатумен 152 субъект айналысады. 2017 жылдан бастап 2020 жылғы қазанға дейінгі кезеңде күнбағыс майы бағасының өсуі байқалмайды. Ал 2020 жылғы қазаннан бастап 2021 жылға дейін майдың құны 7 есе өскен. Бағаны көтерудің негізгі факторлары:
  • өткен жылғы егіннің шикізат қорын өндірушілердің қысқаруы салдарынан шикізатты сатып алу бағасының өсуі;
  • әлемдік бағаларға бағдарлану;
  • Қазақстанда және әлемде егіннің болмауы;
  • су сатып алу құнын 0,25 АЕК-ке ұлғайту,
  • импортқа тәуелділік.
2021 жылғы күнбағыс майы нарығының теңгеріміне сәйкес республика бойынша күнбағыс майы өндірісі экспорттық көлемді ескере отырып, республиканың қажеттілігін жаппайды. Ішкі нарықтағы импорттық өнім 30%-дан астамды құрайды (өндіріс – 323 218,0 тонна, экспорт – 111 266,7 тонна, импорт – 101 444,4 тонна, өткізу – 313 395,8 тонна). Республика бойынша өндірушілер санының негізгі үлесі «Евразиан фудс корпорейшн» және «Май» акционерлік қоғамдарына, ал көтерме жеткізушілер қатарынан – «Прима дистрибьюшн» ЖШС тиесілі. Талдау деректері негізінде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешеніне іс-шараларды енгізу үшін Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныстар жіберді.