Бас прокуратура Мұрат Бектановтың ұсталғанын растады
Бас прокуратура Мұрат Бектановтың ұсталғанын растады
Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын растады деп хабарлады turkystan.kz.
«2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы, әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады» деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында. Тағы оқи отырыңыз: Экс-министр Бектановтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады Бас прокуратураның мәліметінше, 2022 жылғы 20 ақпанда М.К. Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», - деп мәлімдеді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.