«Жалпы қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг-ферма анықталды» – министрлік

«Жалпы қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг-ферма анықталды» – министрлік

«Жалпы қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг-ферма анықталды» – министрлік
ашық дереккөзі
Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті аумақтық департаменттерінің қызметкерлерімен бірлесіп, цифрлық майнинг нысандарын анықтау мақсатында тексерулер жүргізді деп жазды turkystan.kz. Мобильді топтар жүргізген тексерулердің нәтижесінде соңғы 5 күнде жалпы тұтыну қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг-ферманың жұмысы тоқтатылды. Төменде цифрлық майнинг нысандары қызметінде анықталған фактілер бойынша мобильді топтар жұмысының нәтижелері толығырақ берілген.
«Ел көлемінде цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асырудың бірнеше фактісі анықталды. Атап айтқанда, Қарағанды облысында жалпы қуаты – 31,3 МВт., Павлодар облысында – 22 МВт., Түркістан облысында – 3,28 МВт, Ақмола облысында – 1,03 МВт., Қостанай облысында – 0,82 МВт, Нұр-Сұлтан қаласында – 1,8 МВт., Алматы қаласында – 3,5 МВт., Шымкент қаласында – 4 МВт. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында жалпы қуаты - 91 МВт, Қарағанды облысында – 44 МВт. цифрлық майнингке өздігінен шектеу енгізілді» делінген ведомствоның хабарламасында.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, майнинг фермаларын анықтау және электр желілерінен ажырату бойынша мобильді топтың жұмысы жалғастырылатын болады. Сондай-ақ, анықталған майнинг фермалары бойынша уәкілетті органдар жедел тергеу іс-шараларын жүргізуде.