Атасы мен немересі сауда орталығындағы эскалатордан құлап қаза тапты (ВИДЕО)

Атасы мен немересі сауда орталығындағы эскалатордан құлап қаза тапты (ВИДЕО)

Атасы мен немересі сауда орталығындағы эскалатордан құлап қаза тапты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Өзбекстанда 53 жастағы ер адам мен оның 3 жасар немересі сауда орталығының төртінші қабатындағы эскалатордан құлаған деп жазды turkystan.kz Газета.uz сайтына сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 18 ақпанда кешкі 20.30 шамасында болған. Елді дүрліктірген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті. Видеодан қолына немересін көтеріп келе жатқан ер адамның эксколаторда тепе-теңдік сақтай алмай құлағанын көруге болады. Ер адам оқиға орнында қаза тапса, немересі көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер балаға жабық ми жарақаты, ми жарақаты, жамбас сүйегі сынған, оң жақ өкпенің контузиясы, маңдай аймағындағы жұмсақ тіндердің зақымдануы деген диагноз қойды. Қазір дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр. Аталған дерек бойынша Науаи ішкі істер басқармасы тергеу жұмыстарын бастады.