Қазақстанда орташа зейнетақы 105 мың теңгеден асты

Қазақстанда орташа зейнетақы 105 мың теңгеден асты

Қазақстанда орташа зейнетақы 105 мың теңгеден асты
ашық дереккөзі
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 234,7 миллиард теңгеден астам зейнетақы төленді. Зейнетақының орташа мөлшері 105 мың теңгеден асты деп жазды turkystan.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл қаңтарда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне бөлінген қаржының 71,3 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны, ал 163,4 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыны құрады.
«Бүгінде Қазақстанда 2 миллион 245 мың зейнеткер бар. 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қосқанда) 105 291 теңгені құрады», - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетсек, 2018 жылдың бірінші шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, жеке тағайындалады.