Павлодарда зейнеткерді соққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен
Павлодар облысында қайғылы оқиға болды. Жол апаты салдарынан зейнеткер көз жұмды деп жазды turkystan.kz.
«19 ақпанда таңғы сағат 07.20-да Космонавттар көшесінде келе жатқан Daihatsu Terios автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 1948 жылы туған ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде», - деді облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полицияның хабарлауынша, 33 жастағы жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстады.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.