Қысқы Олимпиадаға қатысқан қазақстандық спортшылардың табысы белгілі болды

Қысқы Олимпиадаға қатысқан қазақстандық спортшылардың табысы белгілі болды

Қысқы Олимпиадаға қатысқан қазақстандық спортшылардың табысы белгілі болды
ашық дереккөзі
Ұлттық құрама өкілдері Бейжің Олимпиадасында жүлделі орындарға ие болған жоқ. Дегенмен олар бюджеттен 60 миллион теңге көлемінде сыйақы алады деп жазды turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Басылым тілшілерінің хабарлауынша, Бейжіңге барған ұлттық құраманың ту ұстаушысы Абзал Әжғалиев мемлекет бюджетінен 40 мың доллар (17,1 миллион теңге), ал қалған шорт-трекшілер Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова және Яна Хан 10 мың доллардан (4,1 миллион теңге) сыйақы алады. Ережеге сәйкес, Олимпиадада 1-ден 6-орынға дейінгі орындар үшін осындай қаржы спортшылардың жаттықтырушыларына да төленеді. Командалық спорт түрлері бойынша табысты өнер көрсеткені үшін команданың 3 жаттықтырушысына бірдей мөлшерде сыйақы қарастырылған. Сөйтіп, қысқы Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылары мен жаттықтырушыларына жалпы сомасы 140 мың доллар (60 миллион теңге) төленетін болды. Қаражат республикалық бюджеттен аударылады. Айта кетсек, жазғы және қысқы Олимпиада жеңімпаздарына төленетін төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1435 қаулысымен реттеледі.