АҚШ прокуратурасы экс-президент Дональд Трамптың кәсібін тексермек

АҚШ прокуратурасы экс-президент Дональд Трамптың кәсібін тексермек

АҚШ прокуратурасы экс-президент Дональд Трамптың кәсібін тексермек
ашық дереккөзі
Нью-Йорк қаласының соты бұрынғы мемлекет басшысы Дональд Трамп азаматтық тергеу аясында пайда болған кәсіпкерлігіне қатысты сұрақтарға заң алдында жауап беруі керек деген шешім шығарды деп жазды turkystan.kz. Сот Артур Энгорон бейсенбіде Дональд Трамп пен оның екі баласы Иванка мен кіші Дональд Трампқа Нью-Йорк прокуроры былтыр желтоқсанда берген тапсырмаларды орындауды үкім етті. Артур Энгоронның шешімі бойынша, Трамп пен оның балалары 21 күн ішінде жауап беруі тиіс. Бұл шешімді сот Трамп офисінің адвокаттарын тыңдағаннан кейін қабылдады.
«Басқа жағдайда штаттың бас прокуроры заңдық тұлғаның іс-әрекеттерін тергеуді бастай алады. Өйткені бұған дейінгі тергеу жұмыстары көптеген қаржылық алаяқтыққа дәлел тауып отыр. Сондықтан компания басшылығы заң алдында жауап беруі керек», - делінген сот шешімінде.
Л.Джеймс бастаған азаматтық тергеумен қатар, Манхэттен прокуратурасы да қылмыстық тергеу жүргізіп жатыр. Бұл бұрынғы Президент пен оның отбасының жағдайын қиындата түспек. Л.Джеймс өзінің тергеуінде экс-президенттің компаниясы гольф курорттар, ғимараттар сияқты активтерді бағалауда алаяқтыққа барғанын анықтағанын мәлімдеді. Алайда, Трамп адвокаттарының айтуынша, бұрынғы Президент азаматтық тергеу аясында жауап берген жағдайда, оның жауабының барлығы қылмыстық тергеуде өзіне қарсы қолданылуы мүмкін. Осы ретте Трамптың балаларының адвокаты Алан Футерфас жауап беруден бас тартқан.