Алматылық молда қабір топырағына қолын сұғып жаназа оқыды (ВИДЕО)

Алматылық молда қабір топырағына қолын сұғып жаназа оқыды (ВИДЕО)

Алматылық молда қабір топырағына қолын сұғып жаназа оқыды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Tik tok желісінде Алматыдағы зират басында әлдебіреулердің жиналып отырған видеосы жарияланды. Олардың арасындағы бір сәлделі кісі жас қабір топырағына қолының басын сұғып жіберіп, «діни рәсім» жасап әлек деп хабарлады turkystan.kz.
«Мынадай зат жоқ қой, ағайындар! Не істеп отырсыңдар? Біздің мүфтиятта жоқ заттар ғой бұлар?» - деп айқайлады видео авторы.
Сол-ақ екен, қабір басындағы топ оған қарай жақындап, ішіндегі әлгі «аңқау елге арамза молда»: «Өшір андағыны!» - деп бұйырады.
«Өшірмеймін! Мен сендерге қой дедім ғой. Қой деген соң қою керек қой адам деген!» - деп қарсыласады оларға жөн-жосықты түсіндіруге тырысқан азамат.