Еуропа елдерінде жойқын «Юнис» дауылынан 16 адам көз жұмды

Еуропа елдерінде жойқын «Юнис» дауылынан 16 адам көз жұмды

Еуропа елдерінде жойқын «Юнис» дауылынан 16 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Соңғы екі күннің ішінде қатты дауылдан Нидерландыда төрт, Польшада төрт, Ұлыбританияда үш, Германия мен Бельгияда екі, Ирландияда бір адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz ВВС басылымына сілтеме жасап. Басылым тілшілерінің айтуынша, жұма күні желдің жылдамдығы сағатына 200 шақырымға жеткен. Сондай-ақ, көп адамның дауыл кезінде көлікпен жол апатына түскені белгілі болды. Францияда 30 оқиға тіркелген. Дауылдың салдарынан миллиондаған үй уақытша жарықсыз қалды. Көптеген аймақта пойыздар мен басқа да қоғамдық көліктер тоқтап, апат аймағындағы әуежайлар жүздеген рейстерді кейінге қалдыруға мәжбүр болған.