ШҚО-да автокөлік бастауыш сынып оқушысын қағып өлтірді

ШҚО-да автокөлік бастауыш сынып оқушысын қағып өлтірді

ШҚО-да автокөлік бастауыш сынып оқушысын қағып өлтірді
ашық дереккөзі
Алтай қаласында 22 жастағы жас жігіт тізгіндеген көлік аялдама маңында 11 жастағы баланы соғып кетті. Жеткіншек алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz. Қайғылы оқиға кеше сағат 13.14-те Ленин алаңында болған. Мектептен үйіне қайтып келе жатқан оқушы аялдамада автобустан түсіп, оны артынан айналып өтіп, жолға шыққан.
«Бұл кезде қарсы жолақта келе жатқан Audi көлігі баланы қағып кетті. Өкінішке қарай, бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші 2000 жылы туған қала тұрғыны. Баланы қағып кеткеннен кейін бірден жедел жәрдем көлігін шақырған. Бірақ дәрігерлер балаға көмектесе алмады», - деді ШҚО жергілікті Полиция департаменті бастығының орынбасары Андрей Ларионов.
Қазіргі уақытта қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі («Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзуы») бойынша айып тағылды. Көлік жүргізушісі 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.