Жаңалықтар

Еліміздің кейбір өңірінде үш күн боран болады

ашық дереккөзі

Еліміздің кейбір өңірінде үш күн боран болады

Қазгидромет бірқатар өңірге қатысты дабылды ескерту жариялады. «Астана қаласы бойынша 23 күндіз, 24-25 қарашада тәулік бойы қар, бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде. 23 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде қар, бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде. 24-25 қарашада Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қар, кей жерлерде қатты бұрқасын күтілуде. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге, батыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді деп күтілуде», - делінген хабарламада.