Жезқазғанда жаппай төбелес болып, автокөліктер қирады (ВИДЕО)

Жезқазғанда жаппай төбелес болып, автокөліктер қирады (ВИДЕО)

Жезқазғанда жаппай төбелес болып, автокөліктер қирады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Жезқазған қаласында екі топ арасында жаппай төбелес болды. Оқиғаға қатысты іздеу шараларын жүргізген тәртіп сақшылары төбелес шығарғандарды ұстады деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға түнде Есенберлин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. Оқиғаның видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі my.zhez паблигінде жарияланды. Видеоның сипаттамасында жігіттердің өзара төбелесіп қана қоймай, жақын маңдағы автокөліктерді қиратқаны жазылған.
«Түнгі сағат 00.20-да төбелес болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқ атылған. Сонымен қатар олар көлікті қиратқан. Бірнеше полиция жасағы екі-үш минуттың ішінде оқиға орнына келді. Бірақ төбелес шығарғандар осы уақыт ішінде қашып кеткен. Жедел-тергеу және іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген жазба сипаттамасында.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі де видеоға қатысты пікір білдірді.
«Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқандарды анықтап, Жезқазған қаласының Полиция басқармасына жеткізді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от МОЙ ЖЕЗКАЗГАН (@my.zhez)