Қысқы Олимпиадаға қатысқан 34 қазақстандықта бірде-бір медаль жоқ

Қысқы Олимпиадаға қатысқан 34 қазақстандықта бірде-бір медаль жоқ

Қысқы Олимпиадаға қатысқан 34 қазақстандықта бірде-бір медаль жоқ
ашық дереккөзі
Бүгін Бейжіңде XXIV қысқы Олимпиада ойындарының жабылу рәсімі өтеді. Басты қысқы дода барысында 91 елден 4 мыңға жуық спортшы қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Дүбірлі додада спорттың 7 түрінен 109 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Алайда, Олимпиада ойындарындағы жеңіс тұғырына көтерілу бақыты тек 29 елдің спортшыларына ғана бұйырды. Қалған 62 елдің өкілдері тек қоржындарын бос көтеріп қайтты. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар. Ақ Олимпиада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғаған болатын. Олар  қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсті. Өкінішке қарай, жүлделі орындарға ешкім шыға алмады. Бейжің – 2022 Олимпиадасында жүлде алған мемлекеттер тізімі төмендегідей:  width=  width=