Конькиші Надежда Морозова масс-старт бойынша финалға шықты

Конькиші Надежда Морозова масс-старт бойынша финалға шықты

Конькиші Надежда Морозова масс-старт бойынша финалға шықты
ашық дереккөзі
Қазақстандық конькиші Надежда Морозова конькимен жүгіруден масс-старт бойынша Бейжің Олимпиадасының финалына жолдама алды деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары аясында әйелдер арасында конькимен жүгіруден масс-старт бойынша жартылай финалдар мәресіне жетті. Аталған санат бойынша Қазақстан сапынан Надежда Морозова қатысты. Жартылай финал қорытындысы бойынша ол өз тобында сегізінші орынға табан тіреді. Ереже бойынша, жартылай финалда үздік сегіздік ақтық финалға жолдама алады.