Жаңалықтар

Елордада құрылыс краны құлап, бір ер адам қаза тапты

ашық дереккөзі

Елордада құрылыс краны құлап, бір ер адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылыс алаңдарының бірінде мұнара краны құлады. Оқыс оқиға кезінде бір қызметкер көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап. «Тұран даңғылы, 89/А мекенжайындағы кранның құлауы бойынша Төтенше жағдай министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті тергеу жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша мұнара кранының құлауының себептері мен жағдайлары анықталады. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар Нұр-Сұлтан Полиция департаментіне жолданатын болады», - деді әкімдік баспасөз қызметінің өкілдері. Қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың тапсырмасы бойынша техникалық талаптарға сәйкес келмейтін мұнара крандарын тексеру жөніндегі арнайы комиссия құрылады. Сонымен қатар, елордалық полицияның баспасөз қызметі бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 277-бабы («құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қажет сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.