Қырғыз депутаты балаларының қазақша сөйлеп кеткеніне ашулы

Қырғыз депутаты балаларының қазақша сөйлеп кеткеніне ашулы

Қырғыз депутаты балаларының қазақша сөйлеп кеткеніне ашулы
ашық дереккөзі
Қырғызстанның Жоғарғы кеңесінің депутаты Нұржігіт Қадырбеков қазақстандық «Балапан» телеарнасының кесірінен қыздарының қазақша сөйлейтініне шағымданғаны туралы ақпарат тарады деп хабарлады turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап. Депутаттың айтуынша, мұндай келеңсіздікке қыздарының қазақ тілінде ақпарат тарататын «Балапан» телеарнасын күнделікті қарауы себеп болған. Нәтижесінде депутаттың балалары көрші мемлекеттің тілін жетік меңгеріп алған.
«Ал біздің «Баластан» арнасының жарты шығарылымы орыс тілінде. Балаларымыз мемлекеттік тілді жетік білуі үшін бұл арнаны толық қырғыз тіліне көшіру керек», – деді депутат.