Жаңалықтар

Балықшы суға батқан қымбат телефонын алып шығуға 160 мың теңге жұмсады (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Балықшы суға батқан қымбат телефонын алып шығуға 160 мың теңге жұмсады (ВИДЕО)

Атырау облысының тұрғыны балық аулау кезінде 800 мың теңге тұратын Iphone маркалы ұялы телефонын суға түсіріп алады. Басқа амалы қалмаған ер адам гаджетін алып шығу ішін тағы шығындалып кәсіби сүңгуірді жалдаған деп хабарлады turkystan.kz. Қызықты оқиға туралы видео Instagram әлеуметтік желіcіндегі SKO_kz паблигінде жарияланды. Видеодан сүңгуірдің су астынан телефонды алып шыққанын көруге болады. Бір атап өтерлігі, IP68 деңгейлі қорғанышы бар гаджет бірнеше сағат бойы судың астында жатса да істеп тұр. Белгілі болғандай, әуесқой балықшы достарымен бірге қысқы балық аулауға барған. Бір кезде қымбат телефонын мұзда ойылған тесікке түсіріп алады. Мұндай жағдайда, көпшілік қолын бір-ақ сілтер еді. Бірақ ер адам облыстық Төтенше жағдай департаментінің сүңгуірлерінің бірін 160 мың теңгеге жалдаған екен.