Моңғолия көмір өндіру саласының қызметкері өзін өртеп жіберді (ВИДЕО)

Моңғолия көмір өндіру саласының қызметкері өзін өртеп жіберді (ВИДЕО)

Моңғолия көмір өндіру саласының қызметкері өзін өртеп жіберді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Үкіметтің елдегі көмір өндірісі саласына қатысты саясатына наразы болған көміршілер кәсіподағының жетекшісі журналистермен кездесу кезінде өз-өзіне от қойды деп хабарлады turkystan.kz экспресс к порталына сілтеме жасап. «Эрдэнэс Таван-Толгой» көмір компаниясының қызметкерлері былтырғы жылдың қазан айынан бері наразылық танытып келеді. Бұған Моңғолия билігінің елдегі ең ірі көмір компаниясын жекеменшік MCS корпорациясына беру туралы шешімі себеп болған.
«Үкімет бізді қолдаған жоқ. Кеншілердің отбасы мүшелері қиындыққа тап болды. Бала-шағамыз аш. Сондықтан да мен Моңғолия халқы мен өз бала-шағамның болашағы үшін өзімді өртеймін», - деп мәлімдеді кәсіподақ басшысы баспасөз мәслихатында.
От лап ете түскеннен кейін залдағы адамдар не істерін білмей қалады. Спикердің бұл шешімі туралы жанындағылар білмесе керек, отты немен сөндірерлерін білмеді. Сырт киімдерін шешіп, соның көмегімен отты сөндіруге тырысады. Ал видео соңында оттың қабырғада ілулі тұрған баннерге тарағанын және залдың іші көк түтінге толғанын көруге болады. Денесінің басым бөлігі қатты күйген кәсіподақ басшысы ауруханаға жеткізілген.