Ер адам балаларын жазалаймын деп абайсызда бүкіл қаладағы интернетті өшіріп алды

Ер адам балаларын жазалаймын деп абайсызда бүкіл қаладағы интернетті өшіріп алды

Ер адам балаларын жазалаймын деп абайсызда бүкіл қаладағы интернетті өшіріп алды
ашық дереккөзі
Сабақ оқудың орнына әлеуметтік желіде отырған балаларын жазаламақшы болған ер адам бүкіл қаланы интернетсіз қалдырды. Оқиға Францияның оңтүстігіндегі Мессанж қаласында болған. Енді ер адам айыппұл төлеп, түрмеге қамалуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz New York Post-қа сілтеме жасап. БАҚ мәліметінше, ер адам балаларының сабақ оқымай, үй жұмысын істемей жатқанына ашуланған. Ол үйіндегі интернетті өшіру үшін арнайы құрал сатып алған. Алайда, ол құрал тек үйіндегі емес, бүкіл қаладағы интернетті өшіріп тастаған. Тұрғындар шағымдана бастағаннан кейін мамандар интернеттің неліктен бұғатталғанын тексере бастаған. Франция заңы бойынша ер адам орнатқан құрылғыларға тыйым салынған. Сондықтан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 6 айға қамауға алынып, 30 мың еуро (шамамен 34 мың АҚШ доллары) айыппұл төлеуі мүмкін.