Атырауда 9 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Атырауда 9 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Атырауда 9 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында түрлі атыс қаруларын заңсыз сақтау және тасымалдаумен айналысқан 9 адамды ұстады деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Олар - 23-27 жас аралығындағы Атырау қаласының тұрғындары. Тексеру кезінде 26 жастағы күдіктіден серия нөмірі өшірілген тапанша, ал 25 жастағы күдіктіден травматикалық тапанша тәркіленді. Сондай-ақ Сәтпаев көшесінде орналасқан үйлердің бірінде орналасқан қоймадан 3 атыс қаруы, 2 шолақ мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленді» деп жазылған хабарламада.
Қазір бір атыс қаруы өткен жылы Алматы қаласында болған пәтер ұрлықтарының бірінде жоғалған қару ретінде тіркелгені анықталды. Тәркіленген барлық қаруға сараптама тағайындалды. Күдіктілердің екеуі бұрын да қарумен жасалған бұзақылық фактісі бойынша істі болған. Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 1-бөлігімен («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.