Екібастұз ГРЭС-1 Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратын жоққа шығарды
Екібастұз ГРЭС-1 Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратын жоққа шығарды
Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС-нің баспасөз қызметі Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысында заңсыз майнинг анықталғаны жайлы таратқан хабарын жалған деп санайтындарын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
- Екібастұз ГРЭС-1 өндірістік алаңдарында ешқандай бөгде ұйымдар немесе объектілер жоқ және бола алмайды. Бүгінгі күні станция аумағында майнинг фермалар табылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Мүмкін әңгіме станцияға жақын ұйымдарда анықталған майнинг дата-орталықтары туралы айтылып жатқан болуы мүмкін, бірақ олар ГРЭС-1 аумағында орналаспайды. Әрі станцияның оларға ешқандай қатысы жоқ, - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Павлодарда заңсыз майнингпен айналысқандар ұсталды