Аргентинада 500 мың гектар орман алқабы өртеніп кетті

Аргентинада 500 мың гектар орман алқабы өртеніп кетті

Аргентинада 500 мың гектар орман алқабы өртеніп кетті
ашық дереккөзі
Аргентинаның Коррентес аймағының өрт сөндірушілері мен тұрғындары бірнеше аптадан бері ормандарды шарпыған тілсіз жаумен күрес жүргізіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап. Соңғы мәліметке қарағанда, 500 мың гектардай жасыл желек күлге айналған. Өрттің 15 ошағы әлі сөндірілмеген. Салдарынан мақта, темекі, күріш алқаптары, цитрустық жеміс ағаштары және жайылымдық жерлер жанып кеткен. Айта кетсек, қазір Аргентина екінші рет ел-Нино маусымын бастан кешіріп жатыр. Бұл кезеңде елдің орталық аймағында жауын сиреп, қуаңшылық күшейеді.