Туған күн иесіне ұн шашқан жастардың ісі сотқа жолданды (ВИДЕО)

Туған күн иесіне ұн шашқан жастардың ісі сотқа жолданды (ВИДЕО)

Туған күн иесіне ұн шашқан жастардың ісі сотқа жолданды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бұған дейін әлеуметтік желіде бір топ жастардың белгісіз жігітті аяқ-қолын матап, үстіне айран төгіп, ұн сеуіп, кейін жұмыртқа лақтырып жатқан видеосы жарияланды деп жазды turkystan.kz.  Балалардың бұл әрекеті жұртшылықтың ашуын келтіріп, сөзге қалды. Оқиға Қырғыз Республикасының астанасы - Бішкек қаласында болған. Оған қатысы бар балалардың жеке тұлғалары анықталды.
«Байлаулы жігіт – туған күн иесі. Жолдастары Тик-Токқа видео түсіру үшін достарын осылай құттықтаған. Балалардың бір-біріне шағымдары жоқ. Біз тергеу жүргізіп, барлық қатысушыларды полиция бөлімшесіне жеткіздік. Оқиға бойынша жиналған материалдар «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша сотқа жіберілді», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от КАБАР МЕДИА МААЛЫМАТ АГЕНТТИГИ (@kabar_media)

Оқи отырыңыз: Мәдина Сәдуақасованы күйеуі туған күнге жібермей қойды