Туған күн иесіне ұн шашқан жастардың ісі сотқа жолданды (ВИДЕО)
Бұған дейін әлеуметтік желіде бір топ жастардың белгісіз жігітті аяқ-қолын матап, үстіне айран төгіп, ұн сеуіп, кейін жұмыртқа лақтырып жатқан видеосы жарияланды деп жазды turkystan.kz.
Балалардың бұл әрекеті жұртшылықтың ашуын келтіріп, сөзге қалды.
Оқиға Қырғыз Республикасының астанасы - Бішкек қаласында болған. Оған қатысы бар балалардың жеке тұлғалары анықталды.
«Байлаулы жігіт – туған күн иесі. Жолдастары Тик-Токқа видео түсіру үшін достарын осылай құттықтаған. Балалардың бір-біріне шағымдары жоқ. Біз тергеу жүргізіп, барлық қатысушыларды полиция бөлімшесіне жеткіздік. Оқиға бойынша жиналған материалдар «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша сотқа жіберілді», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Мәдина Сәдуақасованы күйеуі туған күнге жібермей қойды