«Басы денесінен бөлек жатыр»: Атырауда адамның мәйіті табылды

«Басы денесінен бөлек жатыр»: Атырауда адамның мәйіті табылды

«Басы денесінен бөлек жатыр»: Атырауда адамның мәйіті табылды
ашық дереккөзі
Бүгін Махамбет ауданында Бейбарыс ауылының 63 жастағы тұрғынының денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz. Төтенше жағдайлар департаменті мен полицейлер оны 29 қаңтардан бері іздеп жүрген. Ол сол күні кешке үйден шығып кетіп, кейін оралмаған.
«Іздеу барысында полицияның кинологиялық қызметінің үйретілген иті Жайық жағалауынан із-түзсіз жоғалған адамның мәйітін тапты. Оның басы денеден бөлініп қалған» деп жазылған хабарламада.
Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқи отырыңыз: Балқаш көлінен мұз астында қалған екі адамның мәйіті табылды (ФОТО)