Қазақстанда тағы 3 университет жабылды

Қазақстанда тағы 3 университет жабылды

Қазақстанда тағы 3 университет жабылды
ашық дереккөзі
Қазақстандық үш аутсайдер жоғары оқу орны сот шешімімен жабылды деп хабарлады turkystan.kz Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап. Жабылған ЖОО қатарында Орталық Азия университеті, Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті және «Астана» университеті бар. Білім және ғылым министрлігі университеттердің жабылу себебін де түсіндірген.
«Соңғы жылдары аты аталған жоғары оқу орындары БҒМ тапсырысы бойынша «Атамекен» ҰКП жүргізетін білім беру бағдарламаларының рейтингінде үнемі төмен позициядан көрінді. Бұл университеттердегі білім беру бағдарламаларының басым бөлігі жұмыс берушілердің талабына сай келген жоқ және білім алушылар арасында да сұранысқа ие болмады» деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: «Болашақ» бағдарламасының тізіміне Ресей университеттері енді