Жаңалықтар

Ақмола облысы: ауыл көшелерінде сілеусін жүр (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Ақмола облысы: ауыл көшелерінде сілеусін жүр (ВИДЕО)

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылының ішіне бір сілеусіннің кіріп кеткен видеосы WhatsApp мессенджері арқылы тарады деп хабарлады turkystan.kz. Қар жамылғысының ұлғаюына байланысты жабайы жануарлар азық іздеп, жақын жердегі елді мекендерді аралауға мәжбүр. Бұл жайында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі ақпарат таратты. «Мәселен, 2022 жылғы 17 ақпанда Еркіншілік ауылының аумағы тексерілді. Болжам бойынша, жоғарыда аталған сілеусін орман алқабынан шыққан. Өйткені оның азығы саналатын жануарлар (елік, қоян) елді мекендердің жанына жиі жиналады» деп жазылған хабарламада. Тексеріс нәтижесінде сілеусіннің Еркіншілік ауылынан орман алқабына қарай қайтадан қаша жөнелгені анықталды. Жағдай бақылауға алынды. Айта кетсек, ауыл тұрғындарынан үй жануарларына жыртқыштардың шабуыл жасағаны жайлы ешқандай шағым түспеген.  Тағы оқи отырыңыз: Сілеусін мен елік аулаған браконьерлер ұсталды