Прокуратураға Мәсімов пен күйеу баласын жауапқа тарту туралы арыз түсті

Прокуратураға Мәсімов пен күйеу баласын жауапқа тарту туралы арыз түсті

Прокуратураға Мәсімов пен күйеу баласын жауапқа тарту туралы арыз түсті
ашық дереккөзі
ҚР Бас прокуратурасына ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның күйеу баласы Азамат Қапеновті жауапқа тарту туралы арыз түсті деп хабарлады turkystan.kz bugin.kz-ке сілтеме жасап. Құжат авторы – заңгер Серік Хасенов. Ол Кәрім Мәсімовтің күйеу баласының адвокаты болған. Атап айтқанда, ол Анатолий Балушкинмен «Азия Авто Қазақстан» автокөліктерін толық құрастыру зауытын сатып алу туралы мәміле жасауға көмектескен. Алайда бизнес активтерін беру бойынша мәміле жасалғаннан кейін адвокатқа қатысты ҰҚК-де «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, Серік Хасенов 100 күнін тергеу изоляторында өткізіп, кейін өзінің кінәсіздігін дәлелдеген болатын.