Жаңалықтар

Орынбор қазақтары Қазақстанға танымдық сапармен келді

ашық дереккөзі

Орынбор қазақтары Қазақстанға танымдық сапармен келді

«Отандастар Қоры» КеАҚ шет елде тұратын қазақтармен және қазақ мәдени орталықтарымен үнемі байланыста. Солардың бірі – көрші Ресейдегі «Орынбор аймақтық қазақ-ұлттық мәдени автономиясы» қоғамдық ұйымы деп жазды turkystan.kz, қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Орынбор аймақтық қазақ-ұлттық мәдени автономиясы» – Ресей қазақтарының бірлескен қоғамдық ұйымы. Оның құрамына 11 қазақ ұйымы кіреді. Орынборда бүгінгі күні 120 мыңнан астам қазақ тұрады. Халықтың болмысын сақтау үшін сыртта жүрген қазақтар бірігіп, 2008 жылы аталмыш ұйымды құрған. Қоғамдық ұйымның өкілдері 17 ақпанда Қазақстанға танымдық сапармен келіп, «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұжымымен және жұмысымен танысты. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес шетелдік қонақтар 18-19 ақпан күндері Нұр-Cұлтан қаласында қазақтың ұлттық мәдениеті, әдет-ғұрпы және қазақ тілі тақырыбына қатысты шеберлік сағаттарына қатысады. Атап айтсақ, «Астана Балет» театрында ұлттық би өнері, Қазақ ұлттық өнер университетінде домбыра үйрену, «Hazifa шеберлік мектебінде» халқымыздың қолөнері, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Қазақ тілін оқытудың әдістемесі» бойынша шеберлік сағат өтеді.