Құранды «жынданып» оқитын молда шықты (ВИДЕО)

Құранды «жынданып» оқитын молда шықты (ВИДЕО)

Құранды «жынданып» оқитын молда шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде қасиетті Құранды жынданып оқитын молданың видеосы пайда болды деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазбадан оның арақты қойдыртамын деп Құран сүрелерін айқайлап оқып жатқан сәтін көруге болады. Әзірге бейнежазбаның қай өңірде түсірілгені белгісіз.
- Кімсің? Кімсің деймін? - Азамат. - Арақты қоясың ба? Қоясыңба деймін? - Иә, қоямын. - Намаз оқисың ба? Тез айт! - Иә, келесі жылдан бастап оқимын. - Неге келесі жыл? Ертең оқисың, ұқтың ба? Тез айт деп жатырмын саған! - Иә, иә, ертең оқимын!
Молданың бұл әрекетін көрген көпшілік оны сынға алды.
«Арақты ешкім қойдыра алмайды, оның емі - өзінің басындағы миы. Жетесіз болса, кімге апарса да емделмейді. Ал мынаныкі далбаса», «Алла сөзі Құранды қатыгездікпен оқуға болмайды, оны жүрекпен, Аллаға деген махаббатпен оқу керек», «Мына жігіт Жүргенов академиясына емтихансыз грантқа түсетін сияқты ғой», «Не болса да жақсы көрініс, арақ қою өзіңе байланысты ғой. Ішсек біздің де кеңірдегімізден өтеді арақ, біз ішпейміз. Арақ қойдыртамын деп былай емделгені бекер ғой» деп жазды олар.