Жамбылда үйінде 60 келіге жуық есірткі сақтаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Жамбылда үйінде 60 келіге жуық есірткі сақтаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Жамбылда үйінде 60 келіге жуық есірткі сақтаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Жамбыл облысының 48 жастағы тұрғыны өз үйінде жарты центнерден астам есірткі сақтаған деп жазды turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 16 ақпанда Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданының тұрғынын ұстады. Күдікті үйінің аумағын тінту кезінде ауладағы сейфтен қап пен 3 полиэтилен пакет алынды. Олардың ішінде өзіне тән өткір иісті ұсақталған өсімдік тәріздес заттар болған. Сондай-ақ орылған шөптің арасынан каннабисті ұсақтайтын елек табылды.
«Сот-химиялық сараптама нәтижелеріне сәйкес, тәркіленген есірткі заттарының гашиш (16 келі 190 грамм) және марихуана (39 келі 870 грамм) екені анықталды. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Қазір Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оған қатысты есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - деп хабарлады облыстық ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев.