Жаңалықтар

1 наурызда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII съезді өтеді

ашық дереккөзі

1 наурызда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII съезді өтеді

Бүгін Мемлекет басшысы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс XXII съезін шақыру туралы шешім қабылдады деп хабарлады turkustan.kz. Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов өзінің Facebook-тегі парақшасы арқылы құлағдар етті. «Бүгін «Nur Otan» партиясының Төрағасы Қ.К.Тоқаев 1 наурызда кезектен тыс XXII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Оған бүкіл аймақтардың делегаттары қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды», - деп мәлімдеді ол. Айтуынша, бұл жолғы съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланбақ.