«Бәріңді де жек көремін»: Бейжіңде алтынсыз қалған спортшы қыз шу шығарды (ВИДЕО)

«Бәріңді де жек көремін»: Бейжіңде алтынсыз қалған спортшы қыз шу шығарды (ВИДЕО)

«Бәріңді де жек көремін»: Бейжіңде алтынсыз қалған спортшы қыз шу шығарды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Бейжің Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жекелей сын аяқталды. Ресейлік Александра Трусова отандасы Анна Щербаковаға жол беріп, күміс медаль иеленді. Бірақ бұл жүлдесіне қанағаттанбаған жас спортшы ашуға булықты деп жазды turkystan.kz. Александра Трусова өміріндегі ең басты дода – Бейжің Олимпиадасында барлық секіру элементін құламай, сәтті орындап шықты. Төрешілер оған еркін бағдарламадағы ең жоғары ұпайды қойды. Сөйтіп, ол әйелдер арасында бір бағдарламада 5 рет төрттік секіру элементін орындаған спортшы ретінде тарихқа енді. Десе де, екі бағдарлама қорытындысы бойынша ол тағы бір ресейлік спортшы Анна Щербаковадан 4 ұпайға қалып қойды. Себебі, Александра Трусова қысқы бағдарламада 3 айналым аксельді орындау кезінде құлап қалған болатын. Бұл спортшыны алтын жүлдеден айырды. Қатты ашуға мінген Александра Трусова марапаттау рәсіміне шықпайтынын айтып, бапкерлеріне айғайлаумен болды. Тіпті, өзін құшақтап, сабырға шақырмақ болған бапкері Этери Тутберидзені де итеріп жіберді.

«Бәріңді жек көремін! Жек көремін! Бұл спортты жек көремін! Ешқашан мұзға шықпаймын. Ешқашан! Бәрінің алтын медалі бар, менде жоқ! Жек көремін!» - деп бірнеше рет қайталаған спортшы көз жасын да тоқтата алмады.

Марапаттау рәсіміне спортшы мүлде көңілсіз күйде шықты. Жеңімпаз атанған командаласы Анна Щербакованы да құттықтаған жоқ.