«Жаңа Қазақстан – олигархиясыз, жемқорлықтан ада мемлекет» – М.Бәшімов

«Жаңа Қазақстан – олигархиясыз, жемқорлықтан ада мемлекет» – М.Бәшімов

«Жаңа Қазақстан – олигархиясыз, жемқорлықтан ада мемлекет» – М.Бәшімов
ашық дереккөзі
Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімов «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасына қатысты сарапшы ретінде пікір білдірді деп жазды turkystan.kz.
«Жаңа Қазақстан» – нақты әлеуметтік бағдарланған мемлекет. Бұл - олигархиясыз, көлеңкелі экономикасыз және сыбайлас жемқорлық жоқ мемлекет. Егер көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлық болмаса, онда біз әділ және адал мемлекет бола аламыз. Бюджет те жөнімен жұмсалады, ал бұл дегеніміз, әлеуметтік дамудың белгісі. Мен үшін жаңа Қазақстан әділетті сот және кез келген азаматтың мүддесін қорғайтын құқық жүйесі. Бүгінгі құқықтық жүйедегі қорқыныштан арылу керек. Яғни, билік пен халықтың өзара жауапкершілігі болуы тиіс», - деді Марат Бәшімов.
Сарапшының пікірінше, жаңа Қазақстан - әр азаматтың проблемасына мән беретін мемлекет. Сол сияқты азаматтар да заң талабы мен құқықты сақтауы тиіс.
«Сонда ғана әділетті қоғам мен тиімді мемлекет болады. Нақтысы осы. Дамимын деген мемлекет үшін әділетті қоғам, теңдік және адам құқығының сақталуы маңызды. Ал мемлекет ел игілігі үшін тиімді жұмыс істеуі тиіс», - деген спикер елімізде сапалы білім мен әлеуметтік медицинаның болуы керектігін тілге тиек етті.
Еске сала кетсек, биылғы 11 қаңтарда Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан» құру мақсатын айтқан болатын.